Танымал айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты

Танымал айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен жұбайы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желіде жеткізді. Оның сөзінше, Атбасар мен Есілдің ортасында жол апаты болған.

"Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласның үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп, жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты. Жалғыз ұлы таңғы 9-да "аға, ата-анамнан айрылып қалдым" деп хабарласты. Бүгін қызы мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгеремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы 4-те жолға шығып кетіпті", - деп жазды ол.

Мәліметке сүйенсек, Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнаған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз