Танымал әнші Земфира Алматы мен Астанада өткен концерттерінен кейін Қазақстанда концерт ұйымдастыру деңгейін сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
"Үш түрлі концерт, көп ой. Қазақстандағы нашар ұйымдастырылу - Табриздің бір түрі. Кәсіпқойлықпен ғана алып шықтық. Әйтпесе, әдемі маркиза .. Рақмет ", - деп жазған ол.
Бұған қатысты концерттерді ұйымдастырған Дана Орманбаева Telegram-арнасында пікір білдірді.
"Земфираның ертең жазбасына толыққанды пікір білдіремін. Мен әрқашан шындықты, адалдықты және кәсібилікті жақтайтынымды білесіз. Мен әншінің не айтқысы келетінін жақсы білемін, мен де бұл туралы айтуым керек, бірақ айтқым келмеді, өйткені мен ішкі былықты өзіміз шешуге болады, көрермен бұған лайық емес", - деді ол.
Айта кетейік, Земфира - танымал ресейлік әнші. Ол Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанда шетелдік агент ретінде танылып, Ресейден кетті. Оның "Прости меня, моя любовь", "Жить в твоей голове", "Хочешь" әндері бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!