Танымал әнші Тамара Асар “Орманның патшайымы“ болып жүр

Танымал әнші Тамара Асар “Орманның патшайымы“ болып жүр
Фото: instagram.com/tamara_assar_official/

Танымал қазақстандық әнші Тамара Асар "Орманның ханшайымы" болып, тау-тас кезіп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Орманның патшайымы болып жүрмін. Орманның патшайымы қылып маған тәж кигізген осы кісі", - деп жазды ол желідегі парақшасында ағаштардың арасында квадроциклмен жүрген суретін жариялап. 

Сонымен қатар әнші желіде күйеуімен түскен суреттерін жариялап, күйеуімен бірге қыдырып жүргенін мәлімдеген. 

"Шалшық судың бәрін шашып өту балалық кездегі кайф пен драйф. Бапасы "абайла" деп айғайламаса жайламайын деп тұрмын-ау", - деп күлген Тамара Асар демалысының қызық өтіп жатқанын көрсеткісі келгенін байқауға болады. 

Әншінің кішкентай қызы да бұл демалыстан жырақ қалмапты. 

"Ажар қайда?" деп сұрап жатқандар үшін: орманнан отынға шишка жинап жүр", - деп ажзған әнші араға біраз уақыт салып кәуап пісіріп отырған видеосын жариялады. 

Еске салайық, жақында Тамара Асар карантин кезінде қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтқан болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева