Танымал әнші Сәкен Майғазиев рекорд жаңартты

Танымал әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде рекорд орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүйінші жаңалықты әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Қош келдіңіз, 4 миллион 444-ші досым!" - деп жазған әнші Instagram парақшасында рекордтық көрсеткіште оқырман жинағанын хабарлады. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіні өте белсенді қолданатын Сәкен Майғазиев жақында желіде әріптесі Кенжебек Жанәбіловтен кешірім сұраған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!