Танымал әнші Роза Әлқожа: Өңшең жертва шаршатады екен!

Танымал әнші Роза Әлқожа: Өңшең жертва шаршатады екен!
Фото: instagram.com/roza_alqozha/

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде ой саларлық жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Арзан күлкі, даңғаза-дабырамен қанша өмір бос өтуде. Болып көріну үшін жұмсалған қайран қажыр десеңші?! "Болатын нәрсе болады, болмайтын нәрсе болмайды" - ұққаным!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар әнші кейбір адамдардың жүріс-тұрысына көңілі толмайтынын ашық айтқан.

"Адамда арман-мақсат, Алла алдында есеп болмаса бәрі бекер. Ең мықты адам өз өмірінің қожайыны ма дедім. Әйтпесе, өңшең жертва шаршатады екен", - деп жазды ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева