- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал әнші Роза...
Танымал әнші Роза Әлқожа қазақтың тойына реформа жасау керегін айтты
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Роза Әлқоданың айтуынша қазақтың тойына реформа жасау керек екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Жаз да өте шықты иә?! "Жүрсің бе әлде той тойлап" деп тамыз да бітті. Құдалыққа қосқанға мәз болдық па, көңілжықпастық па, айдың аяғында әрнәрсеге мәз боп жүре беріппіз ғой! Сіз ше? Осы айда қанша тойға бардыңыз? Ол той көңілден шықты ма?! Қазақтың тойына реформа керек пе Тойдағы сізге ұнамаған не нәрсе?", - деп жазған әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарына сауал жолдады.
Роза Әлқожаның әлеуметтік желідегі оқырмандары өте белсенді екен. Тойға қатысты түрлі пікір жазып жатыр.
"Қазақтың тойына реформа керек, өте керек дер едім", "Тойдағы ұзақ, ешкім тыңдамайтын тілектерді азайту керек", "Айлығымыз тойға барумен таусылды, тоқтам керек бәрімізге" деген пікірлер жиі кездеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева