Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің тойы желіде қызу талқыға түсті

Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің тойы желіде қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/nurbullin

Танымал қазақстандық әнші Нұрболат Абдуллиннің дүркіретіп жасаған тойы желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрболат Абдуллин қызы Шахназдың мектеп табалдырығын аттаған күніне орай барлық достарын, эстрада жұлдыздарын шақырып той жасады. 

"Қуанышты бөліссең көбейеді… Бір болғандарыңызға рақмет", - деп жазды әнші тойдағы кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurbolat Abdullin (@nurbullin)

Нұрболат Абдуллиннің балалары да өнерден құралақан емес екен. Кішкентай қыздың халық әртісіндей ән шырқап, би билеуі көпшілікті тәнті етті. 

"Бұл видеоның қызығы соңында. Әпкесінің қуанышын еселеген Таби қонақтар көзайымы болды. Тіл-көзден аман болшы тентегім", - деп жазды қызының өнеріне тәнті болған өнер иесі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurbolat Abdullin (@nurbullin)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева