Танымал әнші Нұрболат Абдуллин тыңдармандарының көптен күткен сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Авторларға ән жазғанға қазір қанша бересіз?" деген оқырманның сұрағына "Сәл көтердік, куплетіне 22500" деп жауап берді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, баласының тұсауын кесіп беруін сұраған оқырманына: "екеуін де кесіп берейін, бірақ кейін ренжіп жүрмеңіз" деп жауап берді.
Әлеуметтік желідегі парақшасында жүргізген "Сұрақ-жауап" айдарына қарап әнші Нұрболат Абдуллиннің әзілге жақын екенін байқауға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!