- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал әнші Мөлдір...
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бала күтушісіне бағалы сыйлық жасады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Гүлназ есімді бала күтушісіне iPhone сыйлады,– деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Гүлназ есімді бала күтуші әншінің отбасымен тұрып жатқанына 3 жыл болған екен. Әншінің айтуынша, олар бала күтушісімен бірге жылына екі рет шетелде саяхаттауға барады екен. Түркияның бірнеше қалалары мен Дубайды бірге көрген. Ал осы жолы тұрмыс құратынын естіп, қуанышты жаңалығына сый ретінде iPhone 15 сыйға тартуды жөн көріпті.
"Туған күнге жаңа айфон! Бұйырса, Гүлназым тұрмысқа шығамын дейді! Керемет жаңалық! Өзім ұзатамын! Бірақ басқа няня алу қандай қиын болады бізге," – деген Мөлдір Әуелбекова өкінішін жасырмады.
Желі қолданушылары "Мен де Гүлназ болсам ғой" деп қызығып, пікір қалдырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, жақында Мөлдір Әуелбекова декреттік демалыста отырған әйелдердің жан сыры туралы жазып еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева