- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал әнші Жазира...
Танымал әнші Жазира Байырбекова анасының алтындары туралы айтты
Танымал әнші Жазира Байырбекова анасына алтын сыйлағанын көрсетіп, анасымен қарым-қатынасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Мамама келдім. Мамамның қолына қазір алтын жүзік тағамын. Кеше Маржан әженің 90 жасына барғанбыз. Сол әженің қыздары, келіндері маған алтын жүзік таққан ғой. Сол сыйлықты қазір мамама тағуға келдім. Маған берілген сыйлықтардың бәрі сізге ғой, мама", - деп Жазира Байырбекова анасының қолына алтын жүзік тақты.
Әншінің айтуынша, анасы алтындарын өзгелерге сыйлап жібереді екен.
"Мамама берген алтындарды "қайда, кімге бердіңіз" деп ешқашан сұрамаймын. Мамам да сыйлық жасағанды жақсы көреді...", - деп жазды ол желіде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева