- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал әнші жастық...
Танымал әнші жастық шағында өнерден алыстап, дінге бет бұрған кезін еске алды
Қанай лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай жастық шағын есіне алып, бір кезде ұзын сақал өсіріп, дінге бет бұрғанын айтты. Ол Taboo бағдарламасында қонақта болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, өнерден алыстаған кезде дөнер дайындайтын жерде, телефон жөндейтін жерде жұмыс істеген.
"Өнерді қойып кеткен кезде жанымның рақатын сезіндім. Дүниенің дүние екенін көріп, тақуалығым оянып, ауылда сөйтіп жүрдім. Жұмыс, үй, мешіт болып жүрді. Дінге толық бес жыл берілдім. Дөнерде жұмыс істедім. Намаз оқитындар телефонда жұмыс істейді. Сол кезде тіршілік көзі - дөнер мен базарда телефон оңдау (жөндеу - еск.). Содан кейін бір күні кассада отырып, "неге жақсы көретін іспен айналыспаймын?" дедім. Несиелерімді жауып, қарыздарымнан құтылып, ең соңында елу мың теңгем қалды. Алматыдан сатып алған қоңыр сөмкем бар. Көзіме көрінген киімдерді жинап алып, "әке-ана, кеттім" дедім. Сақалым дәу болды. Ұстап тұрсам, тағы шығып тұратын сақал болды. Әке-шешеме "теріс жолда жүрген жоқпын, мұсылманның сипаты, қорықпаңыздар, ешқандай жаман жолда жүрген жоқпын, осылай өсіргім келді" дедім", - дейді әнші.
Айта кетейік, Қанай, Жандос, Қабдол Меховая 8/1 атты топ құрамында әлі де бірге өнер көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова