Қазақстандық әнші Индира Елемес осы күнге дейін неге жеке өмірін жасырын ұстағанын айтып, сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші "Мамский әңгіме" бағдарламасында қонақ болып, Айнұр Ілиясовмен сырласқан.
"Жеке өмірің жайлы еш жерде айтпағансың. Жасыруыңа не себеп?" - деп сұрады бағдарлама жүргізушісі.
"Мен бұрын жеке өмір жеке болып қалуы керек деп ойлайтынмын. Өнеріммен, әніммен халықтың жүрегінен орын аламын деп қана ойладым. Сөйтсем, мүлде олай емес екен. Өзім шынайылықты жақсы көремін. Әлеуметтік желіде әншілігім туралы емес, жеке өмірім туралы өте көп сұрақ келетін. Статусыңыз қандай, неше балаңыз бар, қай жылдан бері тұрмыстасыз деген сияқты. Мәссаған деп таңғалдым", - деп жауап берді Индира Елемес Айнұр Ілиясованың сұрағына.
Әнші басқа жұлдыздар сияқты әлеуметтік желіде аса белсенді емес екен. Instagram пайда болғалы бері үш-ақ рет тікелей эфирге шығып көріпті.
"Тұрмыста болған жылдары жасырын болып, өз-өзімнен тұйықталып қалдым. Қазір адамдармен қайта араласып, қарым-қатынас орната бастадым ғой", - деді ол.
Айнұр Ілиясова да өнер саласында бірге жүрсе де әншінің жеке өмірі туралы өте аз білетінін жасырмады. Тіпті, сұқбатқа келісу үшін көмекшісімен сөйлескенде "Индира ана ма? Мен білмеппін" деп аңтарылып қалғанын айтты.
"Шығармашылығыңмен жақсы таныспын, бірақ жеке өмірің туралы ешқашан білмеппін", - деді бағдарлама жүргізушісі.
"Бұрын біреулер direct-ке хабарлама жазса қорқып өшіріп тастайтынмын. Сөйтсем, халық білгісі келеді екен ғой менің немен айналысатынымды, қанша балам бар екенін, жеке өмірім туралы. Бүгін сіздің бағдарламаңызда осы туралы айтайын деп шештім", - деді әнші ағынан жарылып.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!