Танымал әнші Индира Елемес Ерке Есмаханмен неге араласпай кеткенін айтты

Танымал әнші Индира Елемес Ерке Есмаханмен неге араласпай кеткенін айтты
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал қазақстандық әнші Индира Елемес құрбысы Ерке Есмаханмен неге араласпай кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ең бірінші өнерде араласқан адамым Мөлдір Әуелбекова болған, ол менің продюсерім еді. Одан кейін Ерке Есмаханмен араластым. Онымен біздің үй жақта көп кездесетінбіз. Ерке өте жақсы қыз. Маған онымен сөйлескен ұнайтын. Өнердегі ең "вау!" дегізген қыздардың бірі Ерке Есмахан мен үшін. "Сен енді шығып келе жатырсың ғой" деген менсінбеушілік жоқ. Бір деңгейде сөйлеседі, тыңдай біледі", - деген Индира Елемес Ерке Есмаханмен құрбы болған сәттерін есіне алды.

Кейін Индира Елеместің күйеуі Ерке Есмаханмен араласуына қарсы болыпты.

"Ерке мені концерт бағдарламасына қосқысы келді. Бізде гастроль болады деп ұсыныс айтты. Мен күйеуімнен сұрап көрейін дедім. Жолдасымның Еркеге не айтқанын нақты білмеймін, бірақ Ерке маған сол кезде ренжіп қалды. Содан кейін менімен араласпай қойды. Арамызда ешқандай реніш болған жоқ. Бірақ, араласпай қойды", - деді ол.

Бұған дейін Индира Елемес күйеуімен неге ажырасайын деп жатқанын, қалай Құдайдан ұл сұрап, ана атанғанын айтқан болатын. 

  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева