Танымал әнші Ерке Есмахан сахнаға қайта оралды

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін алғаш рет сахнаға шығып, ән шырқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ерке Есмаханның айтуынша, ол күйеуі Раймның концертінде "Ойыңды айтшы" әнін бірге орындаған. 

Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслим мен Раймнан туған кішкентай ұлы Ислам да концертке келген. 

Айта кетейік, Раймның Алматыдағы 14 мың адамға арналған концертінің билеттері солд-аут болды. Ерке Есмаханның Райммен бірге дуэт орындаған видеосын айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, продюсер Гүлнұр Мамасарипова және тағы басқа өнер адамдары жариялады. 

Еске салайық, жақында әнші Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін алғаш рет ән айтып, тыңдармандарымен қауышқан еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!