Танымал әнші Ерке Есмахан оқымандарына бренд сөмке сыйламақ

Танымал әнші Ерке Есмахан Еуропаға сапарынан соң оқырмандарына бренд сөмке сыйлайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында ғана Парижден елге оралған әнші әлеуметтік желідегі сәнпакингтерін мұқият қараған оқырманына ерекше қымбат сыйлық жасайтынын жариялады. 

"Сәнпакингтерді мұқият қарап отырыңыздар, қыздар. Соңында тосынсый бар", - деп қызықтырып қойған әнші "Ең маңызды сәт! Актуальныйға кіріп, сәнпакингімді мұқият қарап, Парижде қанша штук сөмке сатып алғанымды санаңыз. Ең бірінші дұрыс тапқан оқырманыма бір әдемі бренд сумкамды сыйға тартамын. Сәттілік", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!