- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Танымал әнші Бүркіт...
Танымал әнші Бүркіт жары Аишаның дауысы жоқ екенін мойындады
Танымал әнші Бүркіт жары Аишаның дауысы жоқ екенін мойындады. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Аиша - мықты биші.
"Бір жағынан шындық қой. Ол кісі асып жатқан әнші емес қой. Ол - биші. Мен бірінші үйленбей тұрып ұсыныс жасаған кезде "жазып көрейік" дедім. Ол кезде компьютер, бәрі дамыған кез ғой. 2010 жылдар. Ол менің алдағаным, жүрегіме жақындасын деген айла-шарғы болды. Сөйтіп едім, бір әнді жаздық. Соған клип түсірдік. Жақсы кетті биімен. Мықты билейді ол. Халық қабылдай бастады. "Ооо" дедім. Халық күтпеген жерден қабылдайды. Үйленгеннен кейін "жарайды, онда тағы бір өлең жазып көрейік" дедім. Қайсы екені есімде жоқ. Дауысы шыға бастады. Сөйтіп-сөйтіп адам үйренеді ғой. Бұрын менде де асып жатқан дауыс жоқ қой. Бірақ оны дамытуға болады", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Бүркіт жұбайы Аишаны Болат Назарбаев алып қашқаны туралы ел ішінде тараған әңгімеге қатысты өз шындығын айтқан болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Балдыз қалың деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова