Танымал әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі дүниеден өтті. Бұл туралы оның әріптесі Ердос Қанаев жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрметті ағайын! Асқартау ұлдарыңыздың асқартау әкесі Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Еркін, Асқар үшеуміз бір ауылда туып өскен соң ата-аналарымыз да бір-бірімізге әке әрі ана болып кетіп еді. Марат көкеміз де әкеміздей болған кісі еді. Мына суыт хабар жүрегіме қатты батты. Жаным Асекем. Қайғыңызға ортақпын. Алланың өлшеп берген тағдырымен бір күні бұл өмірден бәрімізде кетеді екенбіз. Өйткені:" Біз Алладан келдік және Аллаға қайтушымыз", - деді ол.
Желі қолданушылары әншіге көңіл айтты.
"Иманды болсын!", "Иманды болсын! Алла біліп білмей істеген күнәларын кешірсін", "Иманы саламат болсын", - деді олар.
Айта кетейік, Асқар Жүнісбеков "Тырналар", "Сен үшін", "Алтынай" т.б. әндері арқылы танымал.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!