Танымал актриса халықаралық сұлулық байқауға Қазақстан атынан қатысады

Танымал актриса Альмира Тұрсын халықаралық сұлулық байқауға Қазақстан атынан қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Мistress Globe халықаралық байқауға фотосессия. Оған Қазақстан атынан қатысамын. Айтпақшы, финал маусымға, Америкаға ауыстырылды! Алда дайындық, образ жинау және саяхатты жоспарлау! Достарыма және командама қолдауы үшін алғыс айтамын!" - деп жазған ол. 

Еске салайық, бұған дейін актриса қарашада байқауға қатысатынын айтқан еді. Жоспар бойынша финал сәуірде Гонгонкте өтуі керек еді. 

Желі қолданушылары Альмира Тұрсынға сәттілік тілеп, пікір қалдырған. 

"Жолыңыз болсын!" "Сондай сұлусыз", "Сәттілік серігіңіз болсын", "Сәттілік тілеймін", "Әдемі болып тұрсыз", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!