Танымал актердің көлігінен әйелдің мәйіті табылды

Актер Гоша Куценконың көлігінің жүксалғышынан әйелдің мәйіті табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Shot Telegram-арнасының жазуынша, пышақталған әйелдің денесі жатқан Гоша Куценконың көлігі Мәскеудегі Кутузов даңғылындағы үйлердің бірінің ауласынан табылған.

Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы Қазан қаласының тұрғыны Альберт Абдуллин ұсталған. Ол бұған дейін де кісі өлтіргені, ұрлық жасағаны, билік өкілін балағаттағаны және қоқан-лоқы көрсеткені, денсаулыққа қасақаны зиян келтіргені үшін сотталған. Қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Іс прокуратураның жеке бақылауында.

сурет: instagram.com/goshakutsenko_official

Кейін актер Гоша Куценко инстаграмдағы стористе бұл ақпаратты растады.

"Бұл қорқынышты жаңалықты түсірілімде жүріп естідім. Қылмыскер ұсталды. Қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтамын", - деді әртіс.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гоша Куценко "Запорожец" көлігін 2019 жылы өзінің туған қаласы Запорожьенің құрметіне арнап сатып алған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!