Танымал голливуд актері Вин Дизель фантастикалық блокбастер "Стражи Галактики 3" фильмінің тұсаукесерінде адамтәріздес ағаш Груттың танымал сөзін қазақша айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
Актер тұсаукесер барысында Tengrinews.kz тілшісіне фильмдегі ролі туралы ойын айтты.
"Маған менің рөлім сондай ұнайды. Мен мақтан тұтатын рөлдердің бірі. Оны сомдағаным үшін өзімді әлемдегі ең бақытты бала сезінемін", - дейді актер.
Актер Вин Дизель Тengrinews.kz тілшісінің өтініші бойынша Груттың танымал сөзін қазақша айтты.
@tengrinewskz Вин Дизель заговорил на казахском? Мы побывали на презентации «Стражей Галактики 3» в Париже. @Meloman/MARWIN ?? ♬ Happy and fun corporate music for advertising. - TimTaj
Актерден бөлек шарада фильм режиссерінің жары, актриса Дженнифер Холланд, танымал блогер Хаби Лейм және өзге де еуропалық танымал адамдар болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!