Танымал актер Шәріп Серік желідегі видеодан кейін мәлімдеме жасады

Танымал актер Шәріп Серік желідегі видеодан кейін мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/shakentii

Актер Шәріп Серік даулы ақпараттан кейін Instagram парақшасында кешірім сұрап, қысқа видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.

"Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, менің Әлияны лифтіден жұлқып шығарған видеомды көрдіңіздер. Бұл видео арқылы өзімді ақтағым келмейді. Ауыр әрекет жасадым. Заң алдында толық жауап беруге дайынмын", – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sharip Serik (@shakentii)

Сондай-ақ, актер жасаған әрекеті үшін кешірім сұрайтынын айтты.

"Меніңше, көпшілігіңізге ұрыс кезінде ашу мен ызаға булығу сезімі таныс шығар. Сіздерден менің қатемді қайталамауды және қол көтермеуді сұраймын. Мен Әлияны шапалақпен ұрдым, сол үшін одан, оның отбасынан және менің әрекетім ауыр тиген барлық адамнан кешірім сұраймын", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін танымал актер қызды ұрып-соқты деп айыпталғаны, полиция тексеріс бастағаны хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Booteyeva (@aliya_booteyeva)

Әлия Бутеева есімді қазақстандық сурет-видеолар жариялады. Актер Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифттен шығарып алғаны айтылады. Ал суреттен қыздың беті қызарғаны көрінеді.

Актер Шәріп Серік желідегі видеодан кейін "қара тізімге" енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget