Танымал актер Мұрат Бисембин обыр ауруына шалдыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы актер Саят Исембаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Операция жасалмайды деп айтылды. Диагноз 3,5 ай бұрын қойылған. Алғашқы кездері тек ауруханаға жатып жүрдім, инфекция шығар деп ойладым, себебі лоқсыдым. Артынша бір нәрсе дұрыс емес екенін түсіндім. Сап-сары болып кеттім. Кейіннен мені Сызғанов атындағы хирургия орталығына ауыстырды. Себебі қатерлі диагноз расталды", - дейді Мұрат Бисембиннің өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Бисембин жергілікті онкоорталықтарда химиотерапия курсынан өткен. Алайда жақындары оған шетелде емделіп келу керегін айтқан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз