Былтыр танымал актер Асылхан Төлеповтің кіші ұлы қайтыс болған еді. Ол Желіде марқұм ұлына арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің сөзінше, ол баласын түсінде көрген.
"Құлыншағым. Ахан балам. Сені бүгін түсімде көрдім... көріп мәз болдым. Бірақ ол түс, ойнап, жүгіріп жүрсің. Алпамыс ағаң сені иіскеп, ойнатып жүр өзінше. Сені тірі екен, ол демалып жатыр, менің балам тірі деп адамдарға айта алмай, сендіре алмай жүрмін... Оянып, түсім екеніне көз жетіп, түс аяқталмаса екен деп көңілім түсті. Батырым менің, сені сағындық. Жатқан жерің жайлы болсын! Бәрімізге шапағатшы болуыңды Алла нәсіп етсін", - деп жазған ол Желіде.
Еске салайық, бұл қайғылы жайтты Асылханның ағасы актер Артур Төлепов былтыр Instagram-да жазған болатын.
"Асылхан інімнің екінші баласы дүниеден озды. Кішкентай періште, иманың саламат болсын. Біз сені жақсы көреміз", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Асылхан Төлепов - қазақстандық танымал актер. Ол 2012 жылғы шыққан "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Сартай батырдың ролінен кейін танымал бола бастаған. Актер 2017 жылы отбасын құрған еді. Бірінші баласының есімі - Алпамыс. Ал екінші ұлы Ақан былтыр дүниеге келген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!