Танымал актер қызды ұрып-соқты деп айыпталды: полиция тексеріс бастады

Танымал актер қызды ұрып-соқты деп айыпталды: полиция тексеріс бастады
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желілерде қызды ұрып-соқты деп айыпталған танымал актерге қатысты даулы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлия Бутеева есімді қазақстандық сурет-видеолар жариялады. Актер Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифттен шығарып алғаны айтылады.

Ал суреттен қыздың беті қызарғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Booteyeva (@aliya_booteyeva)

Қыз үнсіз қалғысы келмейтінін жазды.

"Тіпті түсімде де өзімді сүйікті адамым қол көтерді деп айтатын адам ретінде көрген емеспін. Бірақ сол нәрсе болды. Аттауға болмайтын шекаралар бар деп ойлаймын", - деп жазды ол.

instagram.com/@aliya_booteyeva

Алматы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы, соның ішінде орны мен уақыты анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - деді Алматы Полиция департаменті өкілі.

Айта кетейік, 2020 жылғы қазанда актер Шәріп Серік Say Mo лақапатымен танымал әнші Мөлдір Есембекке ұсыныс жасағаны белгілі болды, алайда олар кейін екіге кетті.

Шәріп Серік Instagram-дағы қысқа, әзіл-сықақ сипатындағы видеоларымен танымал болды. Ол "Районы", "Бизнесмены" және "Пацанская история" фильмдерінде, сондай-ақ, "Шекер", Qarga және басқа да жобаларда ойнады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget