Танымал актер "Құрметті азамат" марапаты өзіне қай еңбегі үшін берілгенін білмейтін болып шықты

Танымал актер "Құрметті азамат" марапаты өзіне қай еңбегі үшін берілгенін білмейтін болып шықты
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

"Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" марапатына ие болған актер Еркебұлан Тоқтар атағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Негізі мен ондай "премия", орден дегенге жоқпын. Негізі шынын айтқанда, үйдегілерге "бармаймын" деп айтқанмын. Енді оны үлкен кісілер алып жатады, ертең оны халық та түсінбейтін шығар деп ойладым", - деді ол НТК телеарнасындағы Revuе news бағдарламасына берген сұхбатында.

Актер Желідегі "Қай еңбегі үшін беріліп жатыр?", "Лайық емес" деген хейттерге де жауап берді.

"Бұрын қатты ашуланатынмын. Бұрын біреуге бірдеңені дәлелдегім келетін, қазір маған ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Біреу дөрекі сөйлеп жатса, кете саламын", - деді актер.

Ол сонымен бірге өзіне бұл марапат қай еңбегі үшін берілуі мүмкін екеніне қатысты болжамын да айтты.

"Жоқ. Шынымды айтсам, жоқ. Мен барып, біреуді құтқарып қалған жоқпын. Енді Instagram-да ақыл айтатыным бар, мүмкін сол шығар", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, бұған дейін 28 жастағы актер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" марапатына ие болғанын жазған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан