КСРО Халық әртісі, актер Юрий Соломин қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, актер Мәскеудегі үйінде қайтыс болған. Кейінгі кезде Юрий Соломин жиі ауырып, үнемі ауруханаға барып жүрген. Ол 89 жаста еді.
Юрий Соломин 1935 жылы 18 маусымда Чита қаласында музыкалық педагогтер Зинаида Ананьевна Рябцева мен Мефодий Викторович Соломиннің отбасында дүниеге келген. Бала кезінен қалалық пионерлер сарайының спектакльдеріне қатысқан.
Кинода алғаш рет 1960 жылы "Бессооная ночь" фильмінде басты рольді сомдады. Ол "Дерсу Узала", "Блокада", "Летучая мышь", "ТАСС уполномочен заявить…" секілді фильмдерге түсті.
Режиссер ретінде "Скандальное происшествие в Брикмилле" (1981), "Берег его жизни" (1985), "В начале было Слово" (1992) секілді туындыларды түсірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!