Танымал адвокат еліміздегі қайырымдылық жасау жүйесін сынап тастады

Танымал адвокат еліміздегі қайырымдылық жасау жүйесін сынап тастады
Фото: instagram.com/advokatzhanna

Қуандық Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған Жанна Оразбақова еліміздегі білім беру орындарындағы қайырымдылық жасау жүйесін және қайырымдылық қорларының әрекетін сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат мектепте оқыған кезін еске алып, сол кездің өзінде байқаған ағаттықтарды атады.

"Мен мектепте 90-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басында оқыдым. Қарапайым мектепте, тыныш ауданда. Жаңа жылдың алдында мұғалім сыныпқа кіріп, 30 балаға бар дауысымен былай деп айтатын:

"Қайрат, Гауһар, Самат, Әйгерім, аналарың әкелеріңнің жоқ екені жайлы анықтама әкеліп берсін. Ал Лаура мен Әсем, көпбалалы отбасыдан екендерің жайлы анықтама әкеліңдер. Ұмытып кете жаздады, Марат сенің әкең алқаш, сен де анықтама әкел. Жақында курткалар мен етіктер таратады, біз сендерді аз қамтылғандар тізіміне енгіздік".

Шамамен бір аптадан кейін барлығына арзан дерматиннен тігілген бірдей курткалар мен етіктер таратылды, қазір оны олай айтуға болмайды, қазір оны эко-былғары деп атайды!

Бәрі кімнің әкесі жоқ екенін және кім мұқтаж екенін нақты білуі үшін бәрін көрсетіп тарататын. Қайырымдылық жасаушылардың жақсы аяқкиімге ақшасы жетпейтін, бірақ балалардың өмір бойына жасқыншақ болуына ықпал ететін.

Оқу жылының басында олар мұқтаж жандардың тізімін жасайды. Олар ашық түрде "кім мұқтаж" деп сұрайды. Анықтама әкеліңіздер! Сендерді тегін тамақтандырады!

Екінші сабақтан кейін бүкіл оқушылар асханаға кіргенде "мұқтаждарды" көруі үшін асханада оларға бөлек дастарқан жайылатын", - деп жазды адвокат.

Жанна Оразбақова қайырымдылық жүйесі әлі күнге дейін еш өзгермегенін айтты.

"Менің мектеп бітіргеніме 20 жылға жуық уақыт өтті, ал бізде қайырымдылық әлі сол принцип бойынша жасалады. Мысалға: "Міне, Қайрат пен Гауһардың отбасы, олардың 5 баласы бар және олар "лаоаноаи" ауылында қирап жатқан жер үйде тұрады. О, балаларының бет-әлпетін жақыннан көрсетейік, міне, қызы еденде сабақ оқып жатыр, драма қосайық, пештің үстінде ұлы жыртылған шалбармен ұйықтап жатырғандай көрсетейік". Неліктен, ең болмағанда, балалардың беттерін жасырып қоймайсыздар? Олар мектепке барады, олар бұл қоғамда әлі ұзақ уақыт өмір сүреді", - дейді қазақстандық адвокат.

Заңгер үкіметке және қайырымдылық қорларына көп сұрағы бар екенін айтты.

"Неліктен әлеуметтік қорғау мұндай отбасыларды өздігінен анықтай алмайды және оларға еш жариясыз көмектесе алмайды? Неліктен Жаңа жылдың алдында бұл балаларды қолдарындағы арзан кәмпиттермен суретке түсіресіздер?

Әр оқу жылының басында неліктен барлығына бірдей рюкзак аласыздар? Көмектесу үшін бе, әлде суретке түсіру үшін бе? Олар мұны есеп беру дейді. Есепті әлеуметтік желіде балалардың беттерін көрсетіп емес, excel-де жасайды. Балаларды кейін басқалар мазақ етуі мүмкін.

Емге ақша жинап жатқанда науқастың түрін көрсеткенді түсінуге болады, себебі ол жерде әрбір минут құнды. Ал аз қамтылған отбасыларды суретке түсіріп, таратудың не қажеті бар? Балаларды бай және кедей, жақсы және аз қамтылған, бақытты және бақытсыз деп бөлмеңіздер", - деп қорытындылады ол.

Еске салайық, БАҚ беттерінде Елжас Шора есімді желі қолданушының марқұм Салтанат Нүкенова туралы жазған пікірі тарап, көптің ашуын тудырды. Жұрт оның Asar Ume қайырымдылық қорының мүшесі екенін айтып, қор да даудың астында қалды. Asar Ume басшысы Асхат Нұрмашев осы жайтқа қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова