Теңге осымен төртінші күн бойы долларға қатынасында нығайып келеді.
KASE қор биржасының 24 желтоқсандағы таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 325,8 теңгеге тең. Сессия 329 теңгемен басталды, дәл осы көрсеткіш валютаның максималдық құны болып бекіді. Ал минималдық құны − 322,3 теңгеге тең. Сауданың жалпы көлемі 196,2 миллион долларға жетті, жалпы 17 қатысушы саудаласты.
2015 жылдың 23 желтоқсанындағы KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 329,91 теңгеге тең болған еді.
Дереккөз: Tengrinews.kz