KASE қор биржасының таңғы сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 346,82-ге тең болды. Айта кетейік, алдыңғы сессия 347,77 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.
Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 347 теңгемен өтті. Cессиядағы ең төменгі баға 346,3 теңге болса, жоғарысы 347,2 теңгеге жетті. Сауда көлемі 67,2 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 344-346,5 теңге аралығында саудалап жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz