- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таңғы астың пайдасы...
Таңғы астың пайдасы мен маңызын білесіз бе?
Дәрігерлер күніміздің берекелі өтуі таңғы асқа тікелей байланысты екенін айтады, - деп хабарлайды Doctorpiter басылымы.
Мамандардың айтуынша, таңғы асты дұрыс ішу күні бойы аз тамақтануға, әдемі көрінуге, жеңіл жүруге ықпал етеді. Ол салмаққа да әсер етеді. Майо клиникасының зерттеушілері таңғы ас ішпеген ересектердегі бел шеңбері күнделікті таңғы ас ішетін адамдарға қарағанда үлкен деген қорытындыға келген.
Сарапшылар таңғы ас ішудегі қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.
Оянғаннан кейін 30 минут ішінде тамақтаныңыз
6-8 сағаттық ұйқыдан кейін аш оянасыз, ағза "маған тамақ керек" деп сигнал береді. Егер сіз бірдеңе пісіргіңіз келмесе кем дегенде бір стақан жылы су ішіп, қайнатылған жұмыртқа жеуге тырысыңыз.
Таңертең тамақ ішпеген адамдарда метаболизм күрт баяулайды. Демек, күні бойы тамақ баяу сіңеді, бірақ май әлдеқайда белсенді түрде жиналады.
Бір стақан су ішуді ұмытпаңыз
Ең дұрысы, оянғаннан кейін бірден бір стақан жылы су ішіп, содан кейін таңғы асқа кірісу керек. Егер сіз мұндай көлемді бірден игере алмасаңыз, мүмкіндігінше ішіңіз.
Жылы су асқазан-ішек жолының жұмысын жүргізіп, организмге сигнал береді. Осыны әдетке айналдырған адамда көп ұзамай ас қорыту, ұйқы безі, бүкіл асқазан-ішек жолдарының жұмысы айтарлықтай жақсарады.
Таңертең кофе ішіңіз
Толық таңғы асқа керемет табиғи кофе қажет. Сусын оянуға, метаболизм жұмысын жақсартуға көмектеседі. Бұны әдетке айналдырғандар тезірек арықтайды. Бірақ кофе сүтсіз, тәтті сироптарсыз және қантсыз болуы керек.
Таңғы ас ішуді қалай әдетке айналдыруға болады?
- Алдымен ұйқының тұрақты режимін қалыптастыру керек. Ұйқысыздық кез-келген теңдестірілген тамақтанудың барлық пайдасын жоққа шығаруы мүмкін.
- Таңертең барлық іске үлгеріп, күнді асықпай бастау үшін оқудан немесе жұмыстан кем дегенде бір жарым сағат бұрын тұруды үйреніңіз.
- Бір стақан су, контрастты душ және жеңіл жаттығулар ағзаны оятып, тәбетті ашады.
- Таңғы асты кешкі уақытта дайындап қойсаңыз, уақыт үнемдеуге болады.
- Таңертеңгілік тәбет болмаса, кешкі ас уақытын шегеріп, аз мөлшерде тұтыну керек.
- Пайдалы деп саналатын өнімдердің ішінен ең дәмді болып көрінетіндерін таңдап, өзіңізді ұнамайтын нәрсені жеуге мәжбүрлемеңіз.
- Осылайша, таңғы ас ішу сізге психикалық қиындық тудырмайды және ағза үшін пайдалы қажеттілікке айналады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова