- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Таңғы 7-де оятамыз!"...
"Таңғы 7-де оятамыз!" Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) командасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы ақпарат айтылды.
"Қадірменді жанкүйерлер! Жекпе-жек уақыты мен қарсылас ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады! Дайындық қызып жатыр. Біз енді бастадық. Құдай қаласа, алдағы 10 жылдықта барлығыңызды жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз! Нәсіп болса елде де бірнеше бокс кешін ұйымдастырып, өнер көрсетеміз! Біз жанкүйермен мықтымыз! Тарихи күндерде жолығайық!" - деп жазылған Жәнібектің командасының Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін биыл мамырда өткізіп, ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды жеңген болатын. Ал кейін америкалық Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO титулынан бас тартып, белбеу Әлімханұлына өткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш