- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таңғаларлық суреттер: жасанды...
Таңғаларлық суреттер: жасанды интеллект Қазақстанның болашағын болжады
Жасанды интеллект жетістіктері әлемді таңғалдырып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, ChatGPT, Stable Diffusion, dall-E 2, Midjourney платформаларының мүмкіндіктері шексіз. er10.kz медиа аггенттігі өкілдері жасанды интеллект арқылы Қазақстанның болашағына фото-иллюстрация жасап көрді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Midjourney жасанды интеллект платформасы Алматы, Астананың болашақ көрінісін, Қазақстанның ғылыми жетістіктерін, Байқоңыр ғарыш айлағын, ЛРТ құрылысын бейнелеген.
Жасанды интеллектің болжамындағы болашақ Қазақстан
Алматы 2050 жылға қарай осындай болады. Тау мен таласқан ғимараттар әдемі.
Ал бұл - Шолпан ғарышына ұқсатып салынған жаңа Астана. Шары бар құрылыс қаланың көркіне жарасатынын жасанды интеллект біліп тұр.
Биыл ЛРТ-ға 50 миллиард теңге бөлінген. Үкімет басшысы бұл құрылыс 2 жылдың көлемінде аяқталуы керек деген еді. Midjourney платформасы да оның жүзеге асатынына сенімді.
Ал бұл - болашақта салынатын жоғары технологиялық өндіріс компаниялары.
Жасанды интеллект "Байқоңыр" ғарыш айлағының болашақтағы иллюстрациясын жасаған. Әрі қазақтың ғарышкерлері де Марсты бағындыратынын көрсеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек