Бішкекте әйел өзіне зираттан орын дайындап, оны баптап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бішкек қалалық кеңешінің депутаты Жаныбек Асанбеков Бішкектегі Оңтүстік-Батыс зиратына жүргізілген тексеріс кезінде таңғалғанын айтты. Ол бұл туралы видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Тексеру барысында көзі тірі әйел өзіне арнап, суреті мен туған күні көрсетілген ескерткіш орнатып қойғаны анықталған. "Бішкек жерлеу рәсімдері қызметі агенттігі" өкілінің айтуынша, әйелдің денсаулығы жақсы және ол ескерткіш пен оның айналасын үнемі баптап ұстайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз