Оралда ер адам Белая Казарма аялдамасындағы теміржолда пойыздың астына түскен. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, дәрігерлер оқиға орнына бес минутта жеткен. Пойыз 33 жастағы ер адамның аяғын басып кеткені белгілі болды. Дәрігерлер жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсетіп, облыстың көпсалалы ауруханасына жеткізген.
Алғашында жәбірленушінің жағдайы ауыр болыпты. Ол көп қан жоғалтқан әрі ес-түссіз күйде жеткен.
Травматолог, реаниматолог, нейрохирург және анестезиологтан құралған топ ер адамға шұғыл ота жасады. Осылайша, мамандар оның аяғын кесуге мәжбүр болған. Қазір науқас палатаға ауыстырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!