“Таңғаларлық емес“. LRT-да асылып қалған жігіт туралы ақпарат белгілі болды

“Таңғаларлық емес“. LRT-да асылып қалған жігіт туралы ақпарат белгілі болды
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

LRT-да асылып қалған 38 жастағы астаналық жігіт туралы тың деректер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманынан келген ақпарат жариялады.

"Бұл біздің Ерейментаудың жігіті. Өте мейірімді. Оның бұлай істегеніне сене алар емеспін. Алайда оның осы жерде болуы таңғаларлық емес. Оның өзіндік әзілі бар болатын. Көбінесе біздің үкімет пен Ресей үкіметі туралы салатын. Өте батыл еді… және оған қатты жаным ашиды", – делінген белгісіз оқырман пікірінде. 

Еске салайық, кеше 38 жастағы астаналық жігіттің LRT-да асылып қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция бұл деректі растады. 

"102-ге ер адам құрылыс маңында асылып қалғаны туралы хабар түсті. Полицейлер қаза тапқан 38 жастағы азамат екенін анықтады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы анықталып жатыр", – деген еді полиция қызметкерлері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева