"Таңғажайып жайт". Түркияда үйінділерден аман қалғандардың адам сенгісіз оқиғалары

"Таңғажайып жайт". Түркияда үйінділерден аман қалғандардың адам сенгісіз оқиғалары

Соңғы деректер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 35 мыңнан аса адам қайтыс болған. Құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Үйінділер астынан аман-есен табылып жатқан адамдар бар. Оның ішінде кейбіріне сене алмайтын оқиғалар да бар. Massaget.kz тілшісі Түркиядағы жер сілкінісі кезіндегі адам сенгісіз құтқару оқиғалары туралы баяндайды. 

18 ақпанда Хатай провинциясында 296 сағат, яғни 12 күннен кейін үйінділер астынан екі адам аман-есен шығарылды. 

"Таңғажайып оқиғалар бірінен кейін бірі болып жатыр. Хатайда үйінділерден екі адам аман шықты", - деп хабарлады TRT Haber телеарнасы. 

Жойқын жер сілкінісі болғаннан кейін жеті айлық сәби 5 тәулік бойы үйінділер астында жатып, аман қалған. Сәбиді аман шығарған құтқарушылар қуанып, бір-бірін құшақтай бастаған.  

Зілзала болғаннан кейін алты тәуліктен соң екі айлық сәби құтқарылды. Одан бөлек, бір үйдің бес адамы үйінділерден аман шықты. 


Фото: AFAD 

Жойқын жер сілкінісі кезінде тек құтқарушылардың емес, сондай-ақ медбикелердің де ерлігі мәлім болды. Мысалы, Газиантеп қаласындағы аурухана медбикелері жер сілкінісі кезінде тәуекелге бел буып, нәрестелерді құтқарды. Видео Ensonhaber порталында жарияланды.

"Әлі көп нәрсе істей алмадым". Түркияда қоштасу видеосын түсірген жасөспірім үйінді астынан құтқарылды.

Девлет Низам мен Газель Чалишкан жер сілкінісі басталғаннан кейін алғашқы секундтарда жаңадан туған сәбилер жатқан төсек-орынға қарай жүгірген. 

Ал 62 жастағы Хюсейн Бербер тоңазытқыш пен шкафтың арқасында аман қалған адам. Ол Хатай қаласындағы жер сілкінісінен кейін 15 қабатты үйдің бірінші қабатында тірі қалған. Ол қатты шөлдеп, тамағы құрғап қалған.

62 жастағы тұрғын құтқарушыларды айғайлап шақырамын деп тамағы бітіп қалған. Одан бөлек, Хатай тұрғыны түнгі уақытта қатты мұздап, көрпеше жамылып жатқан. Хюсейн Берберде қант диабеті диагнозы болған. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, оның осы диагнозбен аман қалуы нағыз таңғажайып жайт.

Жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз орын тоңазытқыш маңы ма? Анықталды 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина