Венесуэлада жер сілкінісінен сегіз күн өткеннен кейін үйінді астынан аман қалған адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Жағалаудағы Ла-Гуайра қаласында Эрнан Альберто Хиль Флорес есімді 43 жастағы ер адам құтқарылды. Ол 24 маусымнан бері "Галериас Плайя-Гранде" сауда орталығының жертөлесінде үйінді астында қалған.
Ер адам сауда орталығында күзетші болып жұмыс істеген және жер сілкінісі кезінде кезекшілікте болған. Жерасты дүмпуі кезінде Хиль Флорес өзінің жұмыс орнында болған, бұл оны үйінділерден қорғап, аман қалуына қажет оттегімен қамтамасыз еткен.
Айта кетейік, 24 маусымда Венесуэлада екі мәрте жойқын жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауынша, біріншісінің магнитудасы 7,2, ал екіншісінің магнитудасы 7,5 болды.
Кейінгі мәлімет бойынша 2295 адам қаза тауып, тағы 11 267 адам жарақат алған. Сондай-ақ, жүздеген тұрғын үй қирап, инфрақұрылым нысандары мен ауруханалар бүлінді, елдің басты әуежайы жабылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова