- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таңертең ұйқыңызды тез...
Таңертең ұйқыңызды тез ашуға көмектесетін 7 әдет
Терезе сыртында ауа температурасы төмендеген сайын, таңертең адамдардың жылы төсегінен шығуы нағыз сынаққа айналады. Дегенмен күнді көңілді әрі жігерлі бастау үшін бірнеше қарапайым әдіс бар. Сарапшылар таңертеңгі жағдайыңызды жақсартуға көмектесетін 7 әдетті тізімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doсtorpiter-ге сілтеме жасап.
Күнделікті бір уақытта ұйықтауға тырысыңыз. Бұл кеңес қарапайым болғанымен, ұстанатын адам аз. Тіпті демалыс күндері де қанша түске дейін ұйықтағыңыз келсе де, уақытылы оянуға тырысыңыз. Бұл әдет тыныш ұйықтауыңызға көмектеседі, ал болашақта ешкімнің көмегінсіз өзіңіз оянып үйренесіз.
Ұялы телефонды алысырақ алып тастаңыз. Смартфонды оянғаннан кейін бірден қолға алудан аулақ болыңыз. Өйткені сіз әлі толық ұйқыңызды ашқан жоқсыз, ал телефондағы ақпарат пен жаңалықтың көптігі миыңыздағы стресс деңгейін жоғарылатады.
Бетіңізді жуыңыз. Бірнеше минут ішінде сергек болудың ең оңай және қолжетімді жолы - бетті салқын сумен жуу. Айтпақшы, тістеріңізді де тазалауды ұмытпаңыз. Өзіңізді тіс жегісінен және тіс емдеу үшін кететін шығындардан қорғаңыз.
Жаттығу жасаңыз. Таңертеңгі белсенділік сізді қуаттандыруға көмектеседі. Жаттығу кезінде біздің денемізде эндорфин пайда болады, ол көңіл-күйді көтереді және бізді күні бойы стресске төзімді етеді. Әрине, таңертең жүгіруге немесе толыққанды спорт залға баруға бәрінің бірдей уақыты жоқ, бірақ үйде бірнеше минутыңызды бөліп, жаттығу жасасаңыз, мұның айтарлықтай пайдасы бар.
Су ішіңіз. Бір стақан су ғажайып жасап, барлық аурудан емдемегенімен, ас қорыту жұмысының басталып, оянуына көмектеседі.
Таңғы ас ішіңіз. Көптеген адам уақыттың жеткіліксіздігінен немесе тәбеттің жоғынан таңғы ас ішпейді. Бірақ таңғы ас бізді күні бойына қуаттандырып, түскі ас кезінде артық тамақтанбауға көмектеседі. Тамаша таңғы астың құрамында күрделі көмірсу, талшық, ақуыз және аз мөлшерде май болуы керек. Бұл комбинация өзіңізді күні бойы тоқ сезінуге көмектеседі.
Күніңізді жоспарлаңыз. Барлығына үлгерудің жалғыз жолы - күніңізді жоспарлау. Ағзаңызға белсенділік жетіспейді, ал жаттығу жасауға уақытыңыз жоқ па? Онда жұмысқа дейін жаяу серуендеуді күнделікті әдетке айналдыруға тырысыңыз. Таңертең не істеу керегін және оны қандай ретпен жасайтыныңызды алдын ала ойластырып қойыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін жақсы ұйықтауға көмектесетін қарапайым 3 жаттығу туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам миына қанша ақпарат сыяды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә