Эндокринолог Роман Терушкиннің айтуынша, дені сау адамда күнде таңертең эрекция болуы керек. Егер бұл орын алмаса, оны ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдырмаған дұрыс.
"Егер таңғы 6-дан 8-ге дейін эрекция болмаса, бұл тестостерон өндірісінің төмендеуінің немесе оның тиімділігінің төмендеуінің алғашқы белгілері. Бір реттік бұл ештеңені білдірмейді, өйткені ер адам ұйқысы қанбай, шамадан тыс шаршаған болуы мүмкін. Бірақ ер адамда аптасына жеті күннің жетеуінде де эрекция болуы керек", - дейді Роман Терушкин әлеуметтік желіде.
Дәрігердің айтуынша, таңертеңгілік эрекция аптасына бес күн болса да аз, мұндай кезде өзіңізді бақылап отыруыңыз керек.
"Сізде бәрі дұрыс болса да жай бақылаңыз. Болашақта эрекция аптасына бес күн болса және үш айдан кейін оның төрт күнге, содан кейін кенеттен үшке түскенін байқасаңыз, тез арада дәрігер көмегіне жүгіну қажет", - деп кеңес берді эндокринолог.
Тестостерон тапшылығының 11 белгісі
Ер адамдағы тестостерон деңгейі 19 жаста шыңына жетеді, ал шамамен 35-40 жастан бастап біртіндеп төмендей бастайды. Дегенмен, ол одан да ертерек төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, либидо мен потенциалдан басқа, тестостерон сүйектер мен бұлшықеттердің дамуында рөл атқарады, көңіл күй мен психикалық денсаулыққа әсер етеді. Сондықтан мамандар оның тапшылығын назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.
Тестостерон төмендегеннің белгісі:
• жыныстық құмарлықтың төмендеуі;
• эректильді дисфункция (әсіресе таңертең);
• сперматозоидтардың аз саны;
• денеден түктің түсуі;
• бұлшықет массасының жоғалуы;
• күш жоғалту;
• салмақ қосу;
• депрессия және көңіл күй;
• жиі зәр шығару;
• энергия тапшылығы.
Айта кетейік, бұған дейін эндокринолог ерлерде тестостерон төмендеуінің 5 белгісін атаған болатын.