Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері білінбейді. Өкпенің қатерлі ісігі - қатерлі ісіктердің ең жасырын және өлімге әкелетін түрлерінің бірі. Әдетте ауру жөтел арқылы белгі береді. Дегенмен, дәрігермен кеңесіп анықтауға болатын басқа да белгілері бар.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің маманы Анита Раджа Express-ке берген сұхбатында өкпенің қатерлі ісігі бар адамдар оянған бойда кейбір белгілерді байқайтынын айтады.
Қосымша белгілер
Дәрігердің айтуынша, өкпе ісігі белгілерінің көпшілігі ауру асқынған сайын дамиды. Таңертең пайда болатын белгілерден басқа, ағзаның кейбір белгілері де ауруды көрсете алады:
Мамандардың айтуынша, өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу қаупін азайту үшін ең алдымен темекі шегуден бас тарту керек. Бұл жаман әдет аурудың негізгі себебі саналады. Сонымен қатар, диетаға жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністерді қосу маңызды, бұл өкпенің ғана емес, кез келген қатерлі ісіктің даму мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ қауіпті азайту үшін улы «химиямен» жұмыс істегенде сақтық шараларын қолдану керек.
Қатерлі ісік тек темекі шегушілерде ғана болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін онколог дұрыс ұйықтамасақ, қандай қатерлі ісік түрлері дамитынын айтқан болатын.