Синоптиктер Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады деп болжайды. Ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады, ал жауын-шашын негізінен өткінші сипатта болады, тек солтүстік және орталық аймақтарда бұршақ жауып, дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Іле Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 19-24 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 39-41 градус өте қатты ыстық болады.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-24 жылы, күндіз 27-32 жылы, облыстың оңтүстігі мен шығысында 37 градус қатты ыстық болады. Көкшетауда - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундсына 15 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 30-32 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы аудандарында 9-14 жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстік-шығысында 29 жылы, таулы аудандарда 19-24 градус жылы болады.Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундсына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың орталығында, таулы аудандарында 14 жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 30 градус жылы болады.Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундсына 14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, таулы аудандарда 16 жылы, күндіз 39-44 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 36 градус жылы болады. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 жылы, күндіз 41-43 градус өте қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 25-30, оңтүстікте 33 градус жылы болады.Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Атырау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундсына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 18-23 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады.Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 32-34 градус жылы болады.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундсына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, облыстың батысында 27-32 градус жылы болады.
Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Ақтөбе облысы - түнде облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20, облыс орталығында кей уақыттарда секундсына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, оңтүстікте, шығыста 23, күндіз 25-30, оңтүстікте, шығыста 33 градус жылы болады. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда секундсына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың оңтүстігінде 23, күндіз 25-30 жылы, оңтүстікте 35 градус қатты ыстық болады. Қостанай - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысы - жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда секундсына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 28-33 градус жылы болады. Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 29-31 градус жылы болады.
Павлодар облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундқа 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық болады. Павлодар - көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундқа 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады.
Қарағанды облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 7-12, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундқа 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 25, шығысында 14 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық, шығысында 30 жылы болады. Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып,
бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, күші түнде 2-7, күндіз секундқа 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 34-36 градус қатты ыстық болады.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 7-12, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундқа 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық, шығысында 30 жылы болады. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, күші түнде 2-7, күндіз секундқа 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 жылы, күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундқа 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 10, оңтүстігінде 23 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 жылы болады. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, күші секундқа 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундқа 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық болады. Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, күші секундқа 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде облыстың солтүстігінде секундқа 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28 жылы, күндіз 38-43 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 35 жылы болады. Қызылорда - күн ашық. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундқа 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 жылы,
күндіз 40-42 градус қатты ыстық.
Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундқа 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 32 жылы болады. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундқа 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz