Тамыздың басында ауа райы қандай болады?

Тамыздың басында ауа райы қандай болады?
Фото: ЖИ

Қазгидромет 1, 2, 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағының басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады, өткінші жаңбыр жауады. Тек солтүстік және орталық өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, жел болжанып отыр.

Ең жоғары температура оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, орталық аймақтарда байқалып, күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін жоғарылайды.

Еліміздің батысында 1 тамыздан бастап ауа райы өзгереді. Мұнда ауа температурасы сәл төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget