Қазгидромет 29, 30, 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қар жауады деп болжанып отыр
Жаздың соңғы күндерінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады, тіпті бұршақ та жаууы мүмкін. 31 тамызға қарай еліміздің солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр, қар болжанып отыр.
29 тамызда Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында, 30-31 тамызда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде, таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы:
- Батыста күндіз ауа температурасы 18-23 градустан 25-30 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды: күндізгі ауа температурасы 25-35 градус шамасында сақталады.
- Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта ауа температурасы төмендейді: түнде 10-15 градустан 0-5 градусқа дейін түседі. 31 тамызға қарай кейбір жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндізгі ауа температурасы 15-25 градустан 10-15 градусқа дейін төмендейді.
- Еліміздің шығысында да ауа температурасы түнде 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін, күндіз 25-35 градустан 15-25 градусқа дейін төмендейді.
- Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус жылы болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!