Тамыздан бастап Қазақстанда бірқатар өзгеріс болады. Massaget.kz тілшісі тамыздағы өзгерістерге шолу жасады.
10-15 тамыз аралығында ҰБТ өтеді. Бұл шекті балл жинай алмағандарға ЖОО-ға ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Тамыздағы ҰБТ-ға биылғы және былтырғы мектеп, колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ азаматтар), шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, өзге мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.
Тамызда Конституция күні атап өтіледі. Осыған орай қазақстандықтардың демалыс күніне тағы бір күн қосылады. Биыл 30 тамыз Конституция күні жұмаға тура келіп тұр. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 30 тамызда демалып, 31 тамызда жұмыс істейді және 1 қыркүйек жексенбі болуына байланысты қайта демалады.
Бұдан бөлек 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25 тамыз күндері - демалыс.
Алматыда "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама 29 шілде және 7 тамыз аралығында өткізіледі. Оған 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім бере алады. Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады. Бұл үшін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Бағдарлама аясында несие беру шарттары:
Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
7 маусымда уақытты ауыстыру туралы өтініш 50 мың қол жинады. Үкімет бірыңғай уақыт белдеуін енгізу қажеттілігін бағалау үшін жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы құжатты 40 жұмыс күні ішінде талдап, қорытынды шығаруы керек. Өтінішті қарау мерзімі тамыздың басында аяқталады.
10 тамызда зейнетақы жинағын алу қағидаларын өзгерту туралы жаңартылған бұйрық күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалану ережелерінен Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтерді (протез салу, имплантация) алып тастауды ұсынып отыр.
Бұйрық күшіне енсе, 10 тамыздан бастап қазақстандықтар осы стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинағын жұмсай алмайды.
Жазда жүк көліктерінінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл шаралар жол жабынының сақталуына және күн ыстық кезде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін мына аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін мына аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Синоптиктер мәліметінше, тамызда Қазақстанда ауа температурасы норма шамасында, дегенмен елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі.
"Шілде мен тамызда көптеген облыста жауын-шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, ал тамызда орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады", - деп жазылған мәліметте.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбе жариялады:
1 тамыздан бастап Астанада автобустағы жолақысы қымбаттайды. Елордада қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтеріледі.
2020 жылдан бастап Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Міндетті шарт - мектептің көлік картасы болуы және оны автобуста тексеру.
Сондай-ақ, мына санаттарға жататын азаматтар осы жеңілдікті қолдана алады:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!