Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде кеңейтілген тариф жүйесі енгізіледі. Ол 1 тамыздан бастап іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
City Transportation Systems компаниясы мәліметінше, кеңейтілген тариф жүйесі Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісі жолаушыларға қолайлы болуы үшін енгізіліп жатыр.
Бір реттік жол жүру құны бұрынғыдай 200 теңге болады.
1 тамыздан бастап мынадай тариф қолданылады:
- 1 күндік - 500 теңге;
- 3 күндік - 1 500 теңге;
- 5 күндік - 2 500 теңге;
- 10 күндік - 4 000 теңге;
- 15 күндік - 5 000 теңге;
- 1 айлық - 7 500 теңге;
- 3 айлық - 20 000 теңге.
Сондай-ақ, сапар саны бекітілген тарифтер қолданылады:
- 5 сапар - 900 теңге;
- 10 сапар - 1 800 теңге;
- 20 сапар - 3 500 теңге;
- 30 сапар - 5 000 теңге.
CTS компаниясы өкілдері тарифтерді пайдалану шарттарын түсіндірді. Осы айдың 15-іне дейін (қоса алғанда) сатып алынған жағдайда тариф ай соңына дейін жарамды болады. 15-інен кейін сатып алынған жағдайда тариф келесі айдың 1-інен бастап қолданылады.
Тариф сатып алынған күнтізбелік ай ішінде, яғни 1-інен 30 (31)-ына дейін жарамды.
Тарифті жеңіл рельсті көлік бекеттеріндегі кассаларда сатып алуға болады. Олар Tarlan Astana жүйесінің көлік карталарына жүктеледі. Көлік картасы теңгерімін Tarlan Astana бекеттері кассасында немесе терминалда тексеруге болады.
Көлік картасы жоғалған жағдайда қолданыстағы тариф қайта қалпына келтірілмейді және басқа көлік картасына ауыстырылмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова