Бүгін тамыздағы ҰБТ басталды, ол 14-іне дейін жалғасады. Тестке қатысу үшін 30 мыңнан аса өтініш қабылданған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰБТ-ға қатысушылардың 65 пайызы қазақ тілінде, 35 пайызы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірген.
Бірінші күні 6,7 мыңнан аса адам ҰБТ тапсырады.
Тамыздағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардағы мектеп, колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ, алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданғандар қатысады.
Сонымен қатар, өз мамандығымен жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижесінда оқуға түсе алады. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!