Қазгидромет 2, 3, 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері ауа райына солтүстік антициклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ та жаууы мүмкін. Дауыл тұрып, жел соғады. Ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
"Тек батыста жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі", - деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы:
- Батыс өңірінде күндіз +30…+37°С-тан +36…+41°С-қа дейін аптап ыстық.
- 4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді.
- Солтүстік, шығыс және орталықта түнгі ауа температурасы +5…+13°С болса, күндіз +15…+20°С-қа дейін төмендейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова