Тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты бір күн артық демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Конституция күні – Қазақстандағы басты мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күні еліміз 1995 жылы мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін айқындайтын негізгі заңның қабылданғанын тойлайды. Мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша демалыс болады. Осылайша, үш күндік демалысқа шығуға мүмкіндік туады. 2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, бұл жағдайда демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Сонымен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін тамызда барлығы 10 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:
Алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз, сенбі күні қосымша демалыс күнін пайдалана алады. Демалыс күндерінің кестесі:
Алты күн жұмыс істейтіндер тамызда барлығы 6 күн демалады.
Конституция күнінен басқа, тамызда Қазақстан мына маңызды даталарды атап өтеді:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!