Алматыда өткен "Цифрлық Қазақстан: жаңа замандағы білім беру" тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз саммитінде "цифрлық трендтер" жайы сөз болды. Алматы әкімі Ерболат Досаев алдағы уақытта білім саласы икемделу керек 3 трендті атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың маусымында шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Цифрлық трендтерді басқару цифрлық сауаттылыққа және білім беруге деген көзқарасымызды өзгерту қажеттілігін талап етеді. Соңғы мақсат – цифрлық өсуге бағытталған креативті қоғамды қалыптастыру. Халқымыз жаңа идеяларды, жаңа ойлау және шығармашылық тәсілдерді қабылдауы тиіс", - деп ерекше атап өткен болатын.
Аталмыш процесс балалардың мектеп қабырғасынан болашағын қалыптастыруға мүмкіндік ашпақ.
© Суретте: Алматы әкімі Ерболат Досаев
Осыған байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаев Google компаниясының 24 елде жүргізген жаһандық зерттеуін мысалға келтіріп, әлемдік білім беру жүйесінің болашақтағы дамуын айқындайтын негізгі 3 трендтті атап өтті.
"1-інші тренд. Қазіргі еңбек нарығында қажетті дағдылардың өзгерісі бедең алды. Бүгінде дәстүрлі білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайтын дағдыларға сұраныс өсіп келеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша, жақын арада жаңа 97 млн. жұмыс түрі ашылуа мүмкін. Дегенмен 85 млн. жұмыс түрі сұранысқа ие болмай қалады.
2-інші тренд. Күрделі технологиялық өзгерістерге бейімделу шараларының қажежеттілігі. Өзін-өзі дамыту, шешім қабылдаудағы жауапкершілік, эмпатия, командада жұмыс істей білу және қарым-қатынас орнату – дәл осы дағдылар қазіргі қоғамда күрделі мәселелерді шешуге негіз болады. SEG (Social and Emotional Learning) бағдарламаларын енгізу және өмірлік, әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларды оқыту қазіргі білім беру үшін өте өзекті болып отыр.
3-інші тренд. Өмір сүру ұзақтығының артуымен және әлеуметтік өзгерістердің жеделдеуімен өмір бойы үздіксіз білім алу қажеттілікке айналады. Сондықтан цифрлық платформалар жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және үздіксіз білім алу үшін жағдай жасаудың негізгі құралына айналып отыр", - деді Ерболат Досаев.
© Суретте: Даурен Наурызбайұлы
Еліміз үшін, әсіресе Алматы сияқты ірі қаларда бұл үрдістің өзектілігін Алматы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының директоры Даурен Наурызбайұлы да атап өтті.
"Әрине әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Осы өзгеріске төтеп беру мақсатында, әлемдік трентерді білім беру жүйесіне енгізуде де Алматылық ұстаздар көш басында деп ерекше атап өткім келеді. Алматының білім беру жүйесінде де жасанды интелетіні енгізу барысында онлайн оқытудан 650 педагог тәжірибеден өтті, және мектептерінде 52 IT сынып жұмыс жасап жатыр. Бұл жұмыстар барлық Қазақстанға үлгі болары анық", - деді Даурен Наурызбайұлы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!