- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тамыз айында күнкөрістің...
Тамыз айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 23,5 мың теңге болды - ҰЭМ
2016 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 588 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 6,6%, 2015 жылғы тамызбен - 13,8%-ға жоғарылады», делінген хабарламада.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,6%, жемістер мен көкөністерді - 15,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15%, нан және жарма өнімдерін - 8%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6%-ды құрады.
Еске сала кетсек, ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады.
Дереккөз: inform.kz
T. Кіршібаев